Олег

«Нестле Пурина ПетКер» фабрикасының бас инженері

Суды тұтынуды азайту үшін не істейсіздер?

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ

Азық өндірісінде суды пайдалану тиімділігі

Болашақта көптеген адамдар ең құнды ресурстардың біріне қол жеткізе алатындай болу үшін Purina®-да барлық қызметкерлер суға жауапкершілікпен қарайды. Біз суды пайдалану тиімділігін үнемі арттырып отырамыз.

Су біздің соңғы өнім өндіру процестеріміз үшін маңызды болып табылады. Біз оны шикізатты тазарту және дайындау, жабдықты салқындату және тазарту үшін қолданамыз. 2010 жылмен салыстырғанда 2020 жылға қарай бас компанияның бір тонна дайын өнім өндіру үшін пайдаланылатын суды тұтыну көлемін 35%-ға төмендету мақсатын жүзеге асыруға үлес қосып отырмыз, соңғы жылдары Еуропада біз бір тонна дайын өнімге су тұтынуды 25%-ға азайту арқылы айтарлықтай жетістіктерге жеттік. 2017 жылы Калуга облысының Ворсино ауылындағы Ресей фабрикасында біз 2016 жылмен салыстырғанда,  дайын өнімнің бір тоннасына су тұтынуды 4%-ға азайттық.

Сокращение потребления воды