Жақсы жаңалық бар: үлкен мысықтар өздері сияқты үлкен мысықтарға қарағанда кішкентай немесе жас марғауларды жылулықпен әрі қуана қабылдайды. Егер үй жануарыңыздың екеуі де ұрықсыздандырылған болса, танысу процесі сіз ойлағаннан да жеңіл өтеді (әрине, ветеринар дәрігердің ерте жастағы урықсыздандыруға қатысты ұсыныстарын ескеру қажет).
Жаңа үй жануарыңызды үйге әкелмес бұрын немесе марғауды үлкен мысықпен таныстырғаннан кейінгі алғашқы күндерде бұрынғы үй жануарыңыз жаңа асырандының иісіне үйренуі үшін жағдай жасаған жөн. Ол үшін олардың жастықтарын және басқа да ұйықтайтын заттарын шамамен бір аптаға ауыстырып тастаңыз. Бұрынғы мысығыңыз аздап ренжіген немесе ашуланған жағдайда, оны жігерлендіруге және тыныштандыруға тырысыңыз, осылайша жаңа иісті ол жағымды сезімдермен, мысалы дәмді азықпен байланыстырады.

Егер үйге өзіңіздің үйдегі үлпілдек досыңыз қатарлы үлкен мысық әкелсеңіз, олардың таныстығын және әрі қарайғы қарым- қатынасын қауіпсіз еті, достастыру үшін төмендегі кеңестерге құлақ асыңыз:
Егер бәрі ойдағыдай болса, көп ұзамай мысықтарыңыз айырылмас достарға айналады, үнемі бірге ойнайды, бір-біріне күтім жасайды, бір-бірінің жүнін тазартады. Сізге қажет бір ғана нәрсе – шыдамдылық, өйткені мұндай өзара түсіністік пен тығыз, сүйіспеншілікке толы қарым-қатынас орнату үшін уақыт қажет, екі үй жануарыңыз алғаш кездескен күннен-ақ мұндай жағдайдың орын алуы екіталай.
Егер үлпілдек достарыңыз бір-бірімен қарым-қатынас жасағанда өздерін жайсыз сезінетіндерін ашық түрде көрсетсе, сонымен бірге жағдайдың жақсарғанын байқамасаңыз, оларды бір-бірінен оқшаулап, ветеринар дәрігерден кеңес алған дұрыс, ол өз кезегінде сізге кез келген жағдайда кәсіби және білікті көмек көрсете алатын мысықтардың мінез-құлқын түсінетін маман ұсынады.
Тәжірибе көрсеткендей, екі ересек мысық арасында достық қарым-қатынас орнатуға тырысқанда, олардың қожайындары «екі апта ережесіне» назар аударуы керек: егер осы уақыт өткеннен кейін барлық күш-жігеріңіз бен жоғарыда көрсетілген кеңестерге қарамастан, ісіңіз оңға баспаса, онда мысықтарыңыздың мінездері бір-бірімен үйлеспейді деген сөз. Бұл жағдайда жаңа үй жануары басқа отбасында бақытты болатын шығар деген мәселені қарастырған жөн. Жаңа үй жануарын басқа отбасыға беру туралы шешім қабылдасаңыз, екі мысық үшін де жақсы болар еді, сонда үлпілдек досыңыз өзін расында да, бақытты сезінетін еді және жаңа отбасының әрбір мүшесі оны қуана, сүйіспеншілікпен және жылулықпен қабылдайтын еді.


Бірбеткей, тез ашуланатын ықтимал ашушаң мысықты белсенді итпен таныстыру өте қиын болуы мүмкін және екі үй жануарының да жағдайын жақсарту үшін өте мұқият және абай болуыңыз керек. Сондықтан бәрі ойдағыдай және еш қиындықсыз болу үшін төмендегі пайдалы кеңестерді орындаңыз.
Жаңа мысықты немесе марғауды бұрыннан бері өзіңізбен өмір сүріп келе жатқан күшікпен таныстыру кезінде назар аудару керек ең маңызды нәрсе — бұл ең алдымен қауіпсіздік, мәселе екі үй жануарының қауіпсіздігінде. Шамадан тыс белсенді, мазасыз күшік кішкентай марғауға оңай зақым келтіруі мүмкін, ал қорыққан мысық өз кезегінде, өзін ренжіткен жануарды өткір тырнақтарымен қатты тырнап алуы мүмкін. Сондықтан шыдамды болыңыз, үй жануарларының әрқайсысының қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескеріңіз, сонда жетістікке жетесіз, ал мысық пен күшік арасындағы өзара махаббат пен құрметке негізделген шынайы достық пайда болады.
Итіңіз мысықтар қоғамына баяғыдан бері үйреніп алған, тіпті, үйде жаңа марғаудың болуына назар аудармауы да мүмкін. Алайда тіпті, осындай жағдай орын алса да, үй жануарларын таныстыру процесіне байсалдылықпен қараған жөн.
Әрине, жаңа мысықты үйіңізде тұрып жатқан итпен таныстыру кезінде ең алдымен ойландыратын маңызды мәселе екі үй жануардың да толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін ұмытпаңыз. Алайда үй жануарыңыздың бірі әрдайым шамадан тыс ашуланшақ күйде болып, екіншісіне мінезін көрсетсе, ветеринар дәрігермен сөйлесіп, үй жануарларының мінез-құлқы бойынша білікті маманға жүгіну қажеттілігін талқылауыңыз керек.
Мысықтар мен иттер бір-бірімен тіл табыса алады, тіпті дос бола
алады, бірақ мысық басқа жануарлармен бір аумақта өмір сүре алмайды. Қояндар, теңіз шошқалары, шиншиллалар, алақоржын,құмтышқан және басқа да үлпілдек тіршілік иелері мысықтан мүмкіндігінше алысырақ болуы керек. Мұны естен шығармаңыз!