Наши обязательства

МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

БІЗДІҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

Азықтандыру – бұл біздің негізгі жұмысымыз,   бірақ мұнымен шектелмейміз. Біз үй жануарларының, оларды жақсы көретін қожайындардың және жалпы ғаламшарымыздың болашағын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға міндеттіміз. Сондықтан біз 2023 жылға дейін орындауға тырысатын 10 міндеттеме алдық. Осы міндеттемелердің әрқайсысы Ресей мен Еуропа елдерінде әлемді жақсы жағына өзгертеді.

2023 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ МАҚСАТ: МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ 100% ОРЫНДАУ

БІЗ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ҚАЛАЙ ОРЫНДАЙМЫЗ
Біздің міндеттемелерімізге қарап, олардың үй

жануарларының, қоғамның және ғаламшарымыздың өмірін қалай жақсартатынын біліңіз.

«PURINA ҚОҒАМДА» БАСТАМАСЫНЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛЫҢЫЗ

Есепті жүктеп алыңыз

«ПУРИНА ҚОҒАМДА» АТТЫ АЛҒАШҚЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЕСЕП

«Пурина қоғамда» атты міндеттемелерімізді  әзірлеу кезінде біз үй жануарлары мен үй жануарларының қожайындары үшін, сондай-ақ біздің бизнес серіктестеріміз бен барлық мүдделі адамдар үшін расында да маңызды сұрақтар мен мәселелерді анықтау үшін бизнесіміздің стейкхолдерлерінің пікірін тыңдадық.

1«Пурина қоғамда» 10 міндеттемесі адамдар мен  үй жануарлары бірге болған кезде үй жануарлары үшін де, оларды жақсы көретін адамдар үшін, олар өмір сүретін қоғам үшін де өмір сүру қызықты әрі жақсырақ болады деген сенімімізді жүзеге асыруға көмектеседі. Алғашқы еуропалық «Пурина қоғамда» есебінде серіктестермен ынтымақтастықта болған кезде міндеттемелерімізді қалай орындайтынымыз және ортақ құндылықтар жасау үшін қалай жұмыс жасайтынымыз туралы айтылған. Орыс тіліндегі есеппен мына жерде таныса аласыз, ағылшын тіліндегі нұсқасы мына сілтеме 

бойынша қолжетімді