2018 жыл мен 2020 жыл аралығында үй жануарларының денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған 14 жаңа өнім шығару.
Біз 2017 жылдың соңына дейін үй жануарларының денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған 16 жаңа өнім шығаруды өз міндетімізге алдық. Сонымен қатар біз жыл сайын ғылыми журналдарға төрт мақала жариялап, өз зерттеулерімізбен бөлісуге уәде бердік.
Іс жүзінде, осы кезеңде біз 16 жаңа өнімді іске қостық және ғылыми журналдарға 17 мақала жарияладық.
Жаңа өнімдердің ішінде – Purina® DENTALIFE® бар, бұл бес иттің төртеуінде кездесетін ауыз қуысы ауруларымен күресетін шайнайтын дәмді азық; Purina® ONE® Bifensis – мысық организмінің табиғи қорғаныс қызметтерін нығайтатыны дәлелденген, функционалдық бактериялары бар нәрлендіргіш формула. Бұл өнімдер кәсіби диетологтар мен ветеринар дәрігерлердің қатысуымен әзірленген, олардың қызметі үй жануарларына арналған жоғары сапалы азықтандыру саласындағы инновацияларды дайындауға бағытталған.
Purina тарихы XIX ғасырда басталды, содан бері біз қол жеткізген жетістігімізбен тоқтап қалмай, үй жануарларына арналған инновациялық азықтар дайындауды жалғастырып келеміз. 2020 жылға дейін біз достарымыздың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған 14 жаңа өнім әзірлеуді өз міндетімізге алдық..
2018 жылы біз жеті жаңа өнім шығарып үлгердік.
PURINA® компаниясының ғалымдары мен диетологтарынан бастап маркетологтар мен сату жөніндегі мамандарға дейінгі барлық қызметкерлері үй жануарларын шынайы жақсы көреді. Біз өз қызметімізде достарымыздың тағамдық, психологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерін барынша жақсы түсінуге тырысамыз және олардың дені сау әрі көңілді болуы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз.
Ғылыми сараптамаға негізделген дұрыс тамақтану үй жануарларының әл-ауқаты үшін өте маңызды екеніне сенімдіміз. Міне, сондықтан да компания құрылған сәттен бастап, қызметіміздің барлық бағыттары шеңберінде ғылыми зерттеу нәтижелеріне негізделген, жоғары сапалы азық өндіру деген өз міндеттемемізге адал болып келміз. Purina-да азықтану маңызды рөл атқарады.
Үй жануарларын тамақтандыру және оларға күтім жасау саласындағы көшбасшылардың бірі ретінде біз инновацияларға, ғылыми зерттеулерге және үй жануарларының қажеттіліктерін қарастыруға көп қаражат жұмсаймыз. Біз үй жануарлары мен олардың қожайындары алдында тамақтану саласындағы осы білім мен зерттеулерді пайдалану үшін, сондай-ақ жеке қажеттіліктері мен денсаулық ерекшеліктері бар үй жануарларына арналған инновациялық өнімдерді жасау үшін жауап береміз.
БЕДЕЛДІ ПІКІР ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН ЖӘНЕ САЛА
МАМАНДАРЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСА ОТЫРЫП, БІЗ ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ӘЛ- АУҚАТЫН ЖАҚСАРТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕР ЖАСАУҒА ТЫРЫСАМЫЗ.
Біз үй жануарлары мен оларды жақсы көретін қожайындарының әл-ауқатына қамқорлық жасайтынымыз сияқты, Purina сауда маркасы бар Nestlé компаниясы өмір сапасын жақсартуға және әр адамның, әр отбасының, сондай-ақ жалпы қоғам мен ғаламшардың салауатты болашағына үлес қосуға тырысады.
Nestlé-нің қоғам алдындағы міндеттемелері туралы толық ақпарат