2023 жылға қарай 2 млн баланың үй жануарларына қатысты жауапты бағдарламаларға қатысуын қамтамасыз ету.
37%-ға орындалды
В2018 жылы Франция, Италия, Германия, Нидерланды, Швейцария, Ресей және Испаниядан келген 737 164 бала үй жануарларына деген жауапкершілікті қарым- қатынасты қалыптастыруға бағытталған біздің бағдарламаларымыз бойынша оқудан өтті. Бұл бағдарламалар оқу орындарының базасында да, кейбір жағдайларда жақсы үйретілген және әлеуметтендірілген иттердің қатысуымен де, онлайн да жүзеге асырылады. Осылайша, біз бұдан да көп балаларға үй жануарларына жауапкершілікпен қарауды үйретуге көмектесеміз.
Біз PURINA®-да адамдар мен үй жануарлары арасында өмірді жарқын әрі көңілді ететін көрінбейтін байланыс бар дегенге кәміл сенеміз. Біз балаларға үй жануарларымен қарым-қатынас жасаудың үлкен пайдасы бар екенін, сонымен қатар үй жануарларына қалай дұрыс күтім жасау керектігін айтқан маңызды деп санаймыз, өйткені бала үй жануарларының болашақ қожайындары болатын жандар. Үй жануарларымен қарым-қатынас бала әлемін кеңейтеді және оны жауапкершілік, басқаларды құрметтеу, сүйіспеншілік пен қамқорлық көрсету сияқты маңызды қасиеттерге баулиды.
Біз бүкіл Еуропада мүмкіндігінше көп бала үй жануарларына қалай дұрыс күтім жасау, тамақтандыру және қамқор болу, олардың мінез-құлқын қалай жақсы түсіну туралы білу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз. Бұл білім мен дағдылар балаларға болашақта үй жануарларының жауапты және қамқор қожайыны болуға көмектесетініне сенімдіміз.
Көптеген еуропалық Purina® нарықтары бірнеше жыл бойы үй ануарларын күтіп-бағуға деген жауапты көзқарасты ілгерілету бойынша түрлі бастамаларды табысты іске асырып келеді.
Ресейде 2017 жылдың қараша айында Purina балаларда үй жануарларына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Біз сенің достарыңбыз» атты мектепке арналған оқу бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама Ресей білім академиясының балалық шақты, отбасын және тәрбиесін зерттеу институтымен бірлесе, К.И. Скрябин атынд. Мәскеу мемлекеттік ветеринарлық медицина және биотехнология академиясының және Жануарларға көмек көрсететін «Дарящие надежду» халықаралық қайырымдылық қорының қатысуымен әзірленді.
Бағдарламаның мақсаты – бүкіл Ресейдегі балаларды үй жануарларына жауапкершілікпен қарауға үйрету. «Біз сенің достарыңбыз» оқу- әдістемелік жиынтығы ресейлік білім беру стандарттарына сәйкес әзірленген және педагогке арналған әдістемелік нұсқаулықтан, сондай-ақ 8-11 жас аралығындағы балаларға арналған білім беру материалдары мен қызықты интербелсенді тапсырмаларды қамтитын мектеп оқушыларына арналған жұмыс дәптерінен тұрады.
2017 жылдан бастап бағдарлама бойынша Ресейдің 23 өңірінен 372 000 бала оқыды.
Біз үй жануарлары мен оларды жақсы көретін қожайындарының әл-ауқатына қамқорлық жасайтынымыз сияқты, Purina сауда маркасы бар Nestlé компаниясы өмір сапасын жақсартуға және әр адамның, әр отбасының, сондай-ақ жалпы қоғам мен ғаламшардың салауатты болашағына үлес қосуға тырысады.
Nestlé-нің қоғам алдындағы міндеттемелері туралы толық ақпарат«Біз сенің достарыңбыз» мектеп бағдарламасы балалардың үй жануарларына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған. Бағдарлама Ресей білім академиясының балалық шақты, отбасын және тәрбиесін зерттеу институтымен бірлесе, К.И. Скрябин атынд. Мәскеу мемлекеттік ветеринарлық медицина және биотехнология академиясының және Жануарларға көмек көрсететін «Дарящие надежду» халықаралық қайырымдылық қорының қатысуымен әзірленді. Бағдарламаның мақсаты – бүкіл Ресейдегі балаларды үй жануарларына жауапкершілікпен қарауға үйрету. Бағдарлама бойынша Ресейдің 23 өңірінен 372 000 бала оқыды.
Мектепке арналған «Біз сенің достарыңбыз» мектеп бағдарламасы