2
Қоғам үшін

БҮКІЛ ЕУРОПА БОЙЫНША ЖАС МАМАНДАР ҮШІН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУ

БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ

2016 жылға қарай біз еуропалық Nestlé PURINA®кеңселерінде 1 500 жұмыс орнын құруға және 30 жасқа дейінгі жас мамандар үшін тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін беруге міндеттенеміз.

100%

БІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ

100% орындалды

НБіз алға қойған мақсатқа қол жеткіздік: 2014  жылдан бастап 2429 жас маманды жұмысқа қабылдадық. 2020 жылға дейінгі мақсаттары бар «Nestlé needs YOUth» жаһандық бастамасы аясында 30 жасқа дейінгі жастар үшін жұмыс орындарын құруды жалғастырамыз:

  • өндірістік практика мен тағылымдамадан өту үшін 45-50 мың орын беру;
  • сыртқы әріптестермен неғұрлым тығыз ынтымақтастық орнату, сол арқылы олардың біздің бастамаларымызға қосылуын және өздерінің қосатын үлесін арттыруға ынталандыру;
  • жыл сайын 30 жасқа дейінгі жастар үшін 20-дан 25 мыңға дейін жұмыс орындарын құру.

БІЗДІҢ КӨЗҚАРАСЫМЫЗ

Қазіргі уақытта жастар арасындағы  жұмыссыздық Еуропадағы өзекті мәселе болып табылады, атап айтқанда, бұл әрбір төртінші жас маман жұмыссыз болатын деңгейге жетті. Сонымен бірге біз талантты жастарды тарту және жұмысқа орналастыру компаниямыздың жетістігі үшін және үй жануарларының болашағы үшін өте маңызды екенін түсінеміз.

Сонымен қатар 30 жасқа дейінгі жастар — бұл үй  жануарларына қожайын болатын жаңа буын, олар болашақта достарымыздың денсаулығы мен өмір сапасын жақсартуда, басқа үй жануарларын жақсы көретін жандарға көмек пен қолдау көрсетуде өте маңызды рөл атқарады.

«ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚҰРУ» ДЕГЕН NESTLÉ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНА НЕГІЗДЕЛЕМІЗ

Біз үй жануарлары мен оларды жақсы көретін  қожайындарының әл-ауқатына қамқорлық жасайтынымыз сияқты, Purina сауда маркасы бар Nestlé компаниясы өмір сапасын жақсартуға және әр адамның, әр отбасының, сондай-ақ жалпы қоғам мен ғаламшардың салауатты болашағына үлес қосуға тырысады.

Nestlé-нің қоғам алдындағы міндеттемелері туралы толық ақпарат

Басқа міндеттемелер