2020 жылға қарай біз Еуропа өңірі аясында «Үй жануарлары жұмыс орнында» атты бастаманы іске асыру бойынша 200 серіктестік құруды жоспарлап отырмыз.
58%-ға орындалды
Біз бүкіл Еуропа бойынша компаниялармен 107 альянс құрдық, олар осы бастаманы қолдап, кеңселеріне иттерді кіргізді.
Қазіргі заман адамының өмірі барған сайын қарбалас. Урбанизация, үйден жұмысқа дейінгі жолдың қашықтығы , интернет пен әлеуметтік желілердің дамуы сияқты факторлар достарымызбен қарым-қатынас жасауға азғантай уақыт қалдырады.
Үй жануарларына күтім жасау саласындағы сарапшы ретінде біз тұтынушыларға үй жануарларын күтіп ұстау мен қарым-қатынастың барлық артықшылықтарын жеткізуге тырысамыз, оның қарқынды және үнемі өзгеріп тұратын әлемдегі маңыздылығын асыра бағалау қиын. Сондықтан достарымыздың жұмыс орнында болуы күні бойы олармен бірге болып, рақаттанудың тамаша тәсілі деп санаймыз.
Үй жануарлары адамның физикалық және психологиялық денсаулығы мен көңіл-күйіне жағымды әсер ететінін білеміз. Десе де ұзақ жұмыс күні, жүріп тамақтану әдеті және қалалық өмір салтының кеңінен таралуы салдарынан ХХІ ғасыр адамдары үй жануарларын күтіп ұстауға және толыққанды күтім жасауға уақыт таба алмай, қиналатынын мойындауға мәжбүрміз.
Біздің «Үй жануарлары жұмыс орнында» деген бастамамыз әр қызметкердің кеңсеге досын ертіп келуге мүмкіндік береді. Біздің тәжірибеміз басқа компаниялардың да қызметкерлеріне жұмыс уақытын иттерімен бірге өткізуге мүмкіндік беріп, рақаттандырады деген үміттенеміз.
Біз адамдар мен үй жануарлары бірге болған кезде олардың өздерін әлдеқайда жақсы сезінетініне сенімдіміз, осы тұрғыдан алғанда, достарымыздың PURINA® кеңселерінде болуы – біздің үй жануарларына деген сүйіспеншілігіміз бен қамқорлығымыздың жарқын дәлелі, сонымен қатар біздің құндылықтарға деген адалдығымыздың айқын көрінісі болып табылады. Біз бүкіл Еуропадағы PURINA® кеңселеріне үй жануарларының баруын мүмкіндігінше ыңғайлы ету үшін көп күш жұмсадық.
Қазірдің өзінде бірқатар елде біздің төрт аяқты достарымыз PURINA® кеңсе ғимаратына тұрақты түрде бара алады. Біздің кейбір еңселерімізде қызметкерлеріміздің жылына бір күн бойы немесе бір апта бойы иттермен бірге уақыт өткізуіне рұқсат етіледі, ал басқа PURINA® және «Нестле» филиалдарында төрт аяқты достарымыз тұрақты түрде бола алатын арнайы бөлмелер мен алаңдар жасақталған.
Ұлыбританияда үй жануарлары мен қожайындарының жұмыс орындарында бірге болу тәжірибесі 2003 жылдан бері қолданылып келеді, ал 2015 жылы біздің Британдық Purina® бас кеңсеміз Nestlé компаниясының барлық кеңселері арасында иттердің болуына барынша қолайлы жағдай жасалған бірінші кеңсе болды. 2019 жылдан бастап Мәскеудегі Nestle Purina кеңсесі де қызметкерлерінің үй Жануарларына есігін айқара ашты.
Сіздермен өз тәжірибемізбен және «Үй жануарлары жұмыс орнында» бастамасын жүзеге асыру үлгілерімен қуана бөлісеміз.
Біз басқа компаниялар мен ұйымдарды альянстың алғашқы қатысушыларынан үлгі алуға шақырамыз. Біздің мақсатымыз – 2020 жылға қарай «Үй жануарлары жұмыс орнында» бастамасы аясында бүкіл Еуропа бойынша 200 компанияны біріктіру.
Біздің қолдауымыз бен кеңестеріміздің арқасында кез келген компания өз кеңсесінде үй жануарларының жайлы жүріп-тұруы үшін еш қиындықсыз жағдай жасай алады. Компанияларға бағдарламаны сәтті жүзеге асыруға көмектесу үшін біз пайдалануға дайын бірқатар материалдарды: иттердің нақты бөлмелерге кіруіне рұқсат беретін немесе тыйым салатын кеңсе белгілерінен бастап, қызметкерлердің иттеріне арналған мінез-құлық сынақтарын өткізуге арналған нұсқаулыққа дейін ұсынамыз.
Сонымен қатар біздің бағдарламаны жүзеге асыруда сыртқы серіктестерге көмектесу үшін біз оларға 6 қарапайым қадамнан тұратын нұсқаулық әзірледік.
«Үй жануарлары жұмыс орнында» альянсына кіру немесе біздің бастамамыз туралы толық ақпарат алу үшін бізге жазыңыз: PAW@ru.nestle.com
Біз үй жануарлары мен оларды жақсы көретін қожайындарының әл-ауқатына қамқорлық жасайтынымыз сияқты, Purina сауда маркасы бар Nestlé компаниясы өмір сапасын жақсартуға және әр адамның, әр отбасының, сондай-ақ жалпы қоғам мен ғаламшардың салауатты болашағына үлес қосуға тырысады.
Nestlé-нің қоғам алдындағы міндеттемелері туралы толық ақпарат