Мысықтар табиғатынан жыртқыш жануарлар, сондықтан олардың рационында ет болуы керек, иттерден айырмашылығы, мысықтарды вегетариандық азықпен тамақтандыруға болмайды. Мысық тұқымдастарының өкілдері үшін протеин (ақуыз) энергияның негізгі көзі болып табылады, сол себепті иттерге қарағанда, мысықтарға, көбірек ақуыз қажет. Ет тек ақуыз ғана емес, сонымен қатар мысықтарға қажет қоректік заттар, мысалы таурин (жүрек пен көру қабілеті үшін), арахидон қышқылы (тері мен жүннің саулығы үшін) және А дәрумені (жүн мен көру қабілеті үшін).
Мысықтың қалыпты салмағын сақтау үшін оның организміне қажетті барлық қоректік заттарды қамтитын теңдестірілген рацион жасауыңыз керек. Сапалы азық мысықты барлық қажетті микроэлементтермен қамтамасыз ететіндей әзірленуі керек, сонымен бірге дәмді әрі үй жануарыңыздың көңілінен шығатындай болуы керек.
Қожайындар көбінесе адамның тамағын мысықтарға арналған тәтті азық ретінде қарастырады, бірақ есіңізде болсын, мысықтың рационына мұндай тағам қосу асқазанына айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін!
Марғаулардың асқорыту жүйесі әсіресе, сезімтал, нәтижесінде олар дені сау болып өсіп, даму үшін қажетті протеин және басқа да қоректік микроэлементтермен қаныққан арнайы азық қажет. Есіңізде болсын, тек марғауларға арналған арнайы азық оларды барлық қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Осы тақырып бойынша толығымақ және егжей тегжейлі ақпарат алу үшін біздің нұсқаулықпен және марғауларды азықтандыруға арналған пайдалы кеңестермен таныса аласыз.
12 айдан бастап мысықтарды ересек үй жануарларына арналған арнайы азықпен тамақтандыру керек. Сондай-ақ, үлкен мысықтарға арналған арнайы азық түрлері бар, 7-10 жасқа толғаннан кейін үлпілдек досыңызды осы азық түріне ауыстырған жөн. Үй жануарыңыздың қалай көңілді әрі дені сау болып өмір сүруін қамтамасыз ету керектігін білу үшін біздің үлкен мысықтарды азықтандыруға арналған пайдалы кеңестер жазылған парақшамызға кіріңіз.

Натрий, хлорид, магний, калий, цинк, медь и железо также являются важнейшими минеральными веществами и неотъемлемой частью рациона кошек, вот почему качественный корм должен обеспечивать правильный баланс всех этих микроэлементов. Не забывайте, что пропорция данных веществ тоже крайне важна – переизбыток одного минерала вполне может привести к дефициту другого.
Сулы азық қалбырлармен, контейнерлермен немесе үлесіммен салынған қалташалармен сатылады. Азықтану кезінде мысық азықтың хош иісі мен дәмінен мүмкіндігінше рақаттануы үшін әрдайым бөлме температурасында болуы керек. Тамақтанғаннан кейін сулы азықтың қалдықтарын жинап, оларды тоңазытқышқа салыңыз. Есіңізде болсын, сулы азықты ашқаннан кейін 24 сағаттан артық сақтауға, тіпті тоңазытқышта да сақтауға болмайды! Сонымен қатар, азықты тоңазытқыштан алдын ала, мысықты тамақтандырудан бірнеше сағат бұрын шығарып, бөлме температурасына дейін жылытып қоюды ұмытпаңыз. Егер мысық бір сағаттың ішінде барлық тамақты жемесе, оның қалған бөлігі үй жануарына қызықты болмай қалады, жағымсыз болады және біртіндеп бұзылады, бұл үлпілдек досыңыздың асқазанын бұзуы мүмкін.
Құрғақ азық – бұл өте кең таралған және жұмсақ азықтың белгілі баламасы. Онда барлық қажетті қоректік заттар бар, ал қытырлақ жастықшалар үй жануарыңыздың тістерінің саулығына оң әсер етеді. Құрғақ азықтың энергетикалық құндылығы, әдетте, сулы азыққа қарағанда жоғары, сондықтан құрғақ азықтың орташа үлесімі сулыға қарағанда аз екеніне көз жеткізіңіз.
Мысықтарға арналған құрғақ немесе сулы зықтарға қарамастан, бұл негізгі рационға қосымша ретінде пайдаланылатын азық емес, құрамында барлық қажетті микроэлементтер мен қоректік заттар бар негізгі рацион өнімі екеніне көз жеткізіңіз. Әйтпесе, үй жануарыңызға жай ғана дәмді тіскебасар немесе тәтті азық сатып аласыз, бірақ теңдестірілген азық болмайды. Мысықтар мен иттерге арналған азықтар бірдей болғанымен, құрамы жағынан бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленетінін ұмытпаңыз. Мысықтар мен иттердің организмдерінде азықтану рационына мүлдем басқа талаптар қойылады, сондықтан иттерге арналған азықтар мысықтарды азықтандыруға мүлдем жарамайды (және керісінше).
Мысықтың рационын қалай өзгертуге болады?
Мысықтың организмі үшін тиімді азық мөлшері бірқатар факторларға байланысты – мысалы, тұқымына, физикалық белсенділік деңгейіне және үй жануарыңыздың өмір сүру салтына байланысты. Алдымен азықтың қаптамасында жазылған үлесім мөлшерін анықтау бойыншаұсыныстармен танысуыңыз керек. Алайда бұл жағдайда біз дұрыс тамақтану режиміне қатысты жалпы кеңестер туралы ғана айтатынымызды ұмытпаңыз. Есіңізде болсын, бұл мәселеде көп нәрсе мысықтың көлемі мен белсенділік деңгейіне байланысты. Мысықтың физикалық жағдайы мен салмағын үнемі қадағалап отыру үшін, сондай-ақ оның үлесімінің тиімді мөлшерін анағұрлым дәл анықтау үшін үлпілдек досыңыздың физикалық жағдайын бақылауға арналған арнайы қосымшаны қолдана аласыз.
PURINA® назарыңызға үй жануарыңызға сәйкес келетін бірнеше өнім түрін ұсынады:і