Мысыққа әуес жан ретінде үлпілдек  досыңыздың тәтті азық жегені қаншалықты маңызды екенін түсінесіз. Мысыққа дастарқаннан тамақ алып беру немесе қолдан азықтандыру – көптеген адамдар үшін бұл үй жануарына деген сүйіспеншілікті көрсетудің тәсілі. Алайда ниетіңіз жақсы болса да, іс жүзінде адамның тамағы өте жоғары калориялы және тұзды болуы мүмкін, сонымен қатар оның құрамында мысыққа қажет қоректік заттар әрқашан бола бермейді. Бұл мысықты шамадан тыс тамақтандыруыңыз мүмкін екенін немесе оның диета теңгерімін бұзуыңыз мүмкін екенін білдіреді. Жақсы жаңалығымыз бар - біз мысықтың дайын тағамдарын ұсынамыз, бұл асқорыту жүйесін қолдау немесе тістің саулығы үшін маңызды, оны мысыққа берілген қосымша арнайы азық ретінде пайдалануға болады. Есіңізде болсын, тәтті азықтардың құрамында калория бар, бірақ ол толыққанды және теңдестірілген азық бола алмайды. Сондықтан мысыққа тәтті азық берген кезде негізгі азықтың мөлшерін тиісті калория мөлшеріне азайту керек. Сондай-ақ мысық диетасының теңгерімін сақтау үшін тәтті азықтың күн сайынғы калория мөлшерін 10%-ға дейін шектеу керек.

Мысықтар және сүт

Молоко наливают в миску

Осы күнге дейін «сүтке тойған мысықтай» деген  тіркес естіп пе едіңіз? Әдетте, мысықтар сүтті жақсы көреді деген пікір қалыптасқан, бірақ іс жүзінде олардың асқорыту жүйесі сүт құрамында болатын лактозаны сіңіре алмайды, сондықтан көптеген мысықтар сиыр сүтін ішсе, диареяға тап болады.

Мысықтың арнайы сүтінде асқорыту  бұзылыстарының алдын алатын лактоза аз. Бірақ басқа тәтті азықтар сияқты, мұндай сүттің құрамында калория көп, оны рационның теңгерімін сақтау үшін ескеру керек. Арнайы «мысық» сүтін су алмастырғыш ретінде қолдануға болмайды: егер мысыққа мұндай сүт берсеңіз, негізгі азық мөлшерін тиісті калория мөлшеріне дейін азайтуыңыз керек.


Мысықтарға арналған тәтті азықты немесе

печеньені марапат ретінде қолданған жақсы,

сонымен қатар бәрі үй жануарына деген

сүйіспеншілігін білдіру үшін дәмді бірдеңе

бергенді ұнатады!

Мысықтарға арналған азық

Мысықтарға арналған тәтті азықты немесе  печеньені марапат ретінде қолданған жақсы, сонымен қатар бәрі үй жануарына деген сүйіспеншілігін білдіру үшін дәмді бірдеңе бергенді ұнатады! Егер мысыққа тәтті азық берсеңіз, үй жануарының негізгі азығының көлемін тиісті калория мөлшеріне дейін азайтуды ұмытпаңыз. Сондай-ақ оның рационын бұзбау үшін мысықтың диетасына сәйкес келетін тәттілерді таңдау керек. Марғаулар мен енді өсіп келе жатқан мысықтарға тәтті азық беруге болады, бірақ мұндай кеңес бермейміз. Осы сілтеме арқылы марғауды қалай азықтандыру керектігін біле аласыз. Күні бойы мысығыңыздың таза ауызсуының бар екеніне көз жеткізіңіз. Марапат ретінде арнайы азықтарды емес, негізгі азық бөліктерін қолдануға тырысыңыз, әсіресе, мысық медициналық себептермен диетада болса немесе салмағын түсіру керек болса. Егер күмәндансаңыз, ветеринармен кеңесіңіз.

Felix logo

FELIX – Ресейдегі мысық азықтарының жетекші  брендтерінің бірі, мысықтарға арналған көптеген тәтті азықтар ұсынады. Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтеме арқылы өтіңіз: информации вы можете перейти по ссылке:

Подробнее