Мінеки, мысығыңыздың физикалық жағдайын бағаладыңыз, бәрі оп-оңай! Мысығыңыз жақсы күйде деген үміттеміз, бірақ егер оның жағдайына күмәндансаңыз, ветеринар дәрігермен кеңесіңіз немесе сайттағы сарапшымызбен хабарласыңыз.
Бұл қарапайым әрекеттерді мысыққа әдеттегідей күтім жасау іс-әрекетіне қосу оның дені сау және көңілді өмір сүруіне, кез келген жаста қалыпты салмақты сақтауға көмектеседі.
Алдымен мысығыңызға қараңыз. Әр қырынан көзбен бақылап қарау оның салмағының қалыпты екенін анықтауға көмектеседі.
Тексеріп қарау кезінде мысықтың тұқымын ескеріңіз. Кейбір мысықтар (мысалы, сиам) басқаларға қарағанда табиғатынан арықтау болып келеді. Мысықтардың бетінен артық салмағының бар-жоғы байқалмайды, егер мысығыңыздың беті тым арық немесе керісінше, толық болып көрінсе, алаңдамаңыз, бұл үй жануарыңыздың ерекшелігі.
Көзбен бақылап қарағаннан кейін тактильді тексеріп қарауға көшіңіз. Үш негізгі аймақты тексеру керек.

Қолыңызды қабырғаның бойымен сипалап жатқандай абайлап жүргізіңіз, тым жұмсақ болмасын. Сіз оның қабырғасын қатты баспай, сезуіңіз керек. Егер қабырғалары шығып тұрса немесе керісінше, оларды сезіну үшін қаттырақ бассаңыз, мысығыңыздың салмағы жеткіліксіз немесе тиісінше, салмағы артық.
Мысықтың қабырғалары жүннің астынан көрінбеуі керек, бірақ жүнінің ұзындығына байланысты кейде олардың кескіні байқалады.
Қабырғадан беліне қарай қолыңызбен ақырындап ұстаңыз. Бұл сезімтал аймақ, сондықтан абайлаңыз! Денесінің бойымен қолыңызбен белінен бастап жамбасына қарай абайлап жүргізіңіз, сонда құм сағатына ұқсас пішінді сезесіз. Артық салмағы бар мысықтың пішіні мұндай болмауы мүмкін.
Тактильді тексеру мысықтың белін бағалаған кезде маңызды, өйткені жүннің астынан ол байқалмауы мүмкін.
Белін бағалағаннан кейін, ішіне қараңыз. Іш жануарыңыздың тыйым салынған аймағы болуы мүмкін, сондықтан мұқият және абайлап тексеріңіз, егер мысыққа жағымсыз болса, оны мәжбүрлемеңіз.
Егер ішін ұстай алсаңыз, кеудеден жамбасқа дейінгі түзу сызықты байқаған боларсыз. Мысықтардың осы жерінде шағын «қор» болуы мүмкін, бұл қалыпты жағдай, бірақ оның кішкентай ғана екеніне көз жеткізіңіз! Мысығыңыз жүрген кезде іші салбырап, дірілдеп тұрса, оның артық салмағы бар екеніне сенімді болыңыз.