Азықта қосымша протеиндер мен калорияның болуы мысығыңыздың буаз кезеңінде белсенді және дені сау болуына мүмкіндік береді. Ересек мысықтарға арналған әдеттегі азық үй жануарыңызды күн сайын азықтандыру үшін өте жақсы, бірақ олардың құрамында болашақ анаға қажет қосымша қоректік заттар жоқ. Сондықтан буаздықтың басынан бастап марғауларды емізуді тоқтатқанға дейін мысықты марғауларға арналған арнайы азықпен тамақтандыруды ұсынамыз.
Үй жануарыңызды марғауларға арналған арнайы азықпен тамақтандыру өзіне және оның өсіп келе жатқан марғауларына күш береді. Біріншіден, марғаулар барлық қажетті микроэлементтерге бай сүт алады, екіншіден, мұндай азықтар болашақта ене сүтінен еш қиындықсыз арылуға көмектеседі, өйткені олар анасы жейтін азықтың дәмін білетін болады.
Буаз мысықты келесі азықтардың бірімен азықтандырса қайтеді?
Өз мысығыңыздың әдеттегі рационына марғауларға арналған азықты біртіндеп, 7-10 күн ішінде бере бастаңыз, марғауларға арналған азық үй жануарыңыздың әдеттегі азығын толығымен алмастырғанша оның мөлшерін көбейтіңіз. Азықтану рационын осылайша біркелкі және біртіндеп ауыстыру үлпілдек досыңыздың асқазанын бұзбауға көмектеседі. Егер мысығыңыз медициналық түсінікке сәйкес, белгілі бір арнайы диетаны ұстанса немесе оның асқазаны өте сезімтал болса, үй жануарыңыздың әдеттегі рационына өзгерістер енгізбестен бұрын тәжірибелі ветеринармен кеңесуді ұмытпаңыз.
Буаз кезінде мысықтың үнемі қарны ашып жүреді және оның орташа күндізгі үлесімінің мөлшері екі есе артуы мүмкін. Тәбеті ұлғайған сайын көп ұзамай, оның салмағының да баяу өсетінін байқайсыз. Сонымен буаз кезінде мысықтың салмағы шамамен 40-50%-ға артуы мүмкін, бұл абсолютті норма болып табылады. Сондықтан сіз кенеттен үй жануарыңыздың тәбеті төмендеп, тез салмақ жоғалтқанын байқасаңыз, міндетті түрде ветеринар дәрігермен кеңесуіңіз керек. Сонымен қатар, артық салмаққа алаңдаудың қажеті жоқ, мысық емізе бастағаннан кейін шамамен 3-4 аптадан соң артық салмағын тастайды.
Егер мысықты күні бойы жиі-жиі, бірақ аз мөлшерде тамақтандырсаңыз, бұл оған әрдайым жігерлі және көңілді болуға көмектеседі. Сонымен қатар оған құрғақ азық салып қойсаңыз болады, сонда мысық күні бойы азықтана алады, бұл үй жануарыңыздың азықтану уақыты сіздің күн тәртібіңізге сәйкес келмеген жағдайда өте маңызды.
Осы тақырып бойынша қосымша ақпаратты «Буаз және марғауларды азықтандыру кезіндегі мысықтың азықтануы және азықтану қажеттіліктері» бөлімінен таба аласыз..
Үй жануарыңызда үнемі таза ауызсу құйылып тұрғанын тексеріңіз (әсіресе, құрғақ азық жеген жағдайда). Бұл оның азықтану рационының жалпы артуы сияқты аса маңызды. Болашақ ене үшін көп су ішу өте маңызды, бұл оның әрдайым дені сау және көңілді болып жүруіне мүмкіндік береді.
Мысық көп уақытын өткізетін үйдегі бірнеше жерге су құйылған ыдыстар қоя аласыз.
Әдетте, мысықтардағы буаздық тыныш және біркелкі өтеді. Бақытымызға орай, асқынулар өте сирек кездеседі және көп жағдайда буаздықтың бастапқы кезеңінде іш тастаумен шектеледі.
Мысықтың буаздылығының соңғы екі аптасында оның үнемі үйде болуына көз жеткізіңіз. Бұл үй жануарыңыз көшеде туып қалмауы үшін қажет. Сонымен қатар мысыққа буаздықтың соңғы кезеңінде демалып, балалауына мүмкіндік беретін арнайы «үйшік» жабдықтау арқылы балалауға дайындалуға көмектесе аласыз. Сонымен қатар балалағаннан кейін бұл жерде марғауларына жайлылықпен күтім жасай алады.
Мұндай «үйшіктің» мінсіз түрі таза қағаз парақтарымен, жайма заттары немесе сүлгілер төселген қатырма қорап болады. Қорапты таңдағанда мысығыңыз және оның болашақ марғаулары сыятындай өте ыңғайлы болуы керек екенін есіңізден шығармаңыз, және де марғаулар одан шыға алмайтындай биік болуы керек!
Егер туатын мысық марғауларын туатын басқа жайлы орынды таңдаса, таңғалмаңыз. Егер талғамдарыңыз сәйкес келмесе, туылғаннан кейін марғауларды бірден дайындалған қорапқа ауыстырудан қорықпаңыз. Осы арқылы мысығыңызға көмектесесіз және марғауларды белгілі бір жарақат алудан қорғайсыз. Үй жануарыңыз марғауларын өзі таңдаған жерге қайта апаруға тырысуы мүмкін, бірақ егер өзіңіз таңдаған жерде олар үшін әлдеқайда ыңғайлы болады деп ойласаңыз, оларды ойланбастан. қайтадан орнына апарып тастаңыз. Сонымен қатар марғаулардың енесі болмаса, сіз жасаған «үйшікте» оларға жылы және жайлы болатынына сенімді болуыңыз керек. Ол үшін арнайы мықты жылытқыш қолдануды ұсынамыз, ыстық су құйылған пластик бөтелкені қолбандаңыз, марғаулар оны өткір тістерімен және тырнақтарымен оңай тесіп, тіпті, жара алады.