Үлпілдек жаңа үй жануарыңызды үйге алып келмес бұрын өз кеңістігін жабдықтауға біршама уақыт бөліп, оның қауіпсіз, тыныш және жайлы өмір сүруіне мүмкіндік беріңіз, марғау осы жерден бастап бүкіл үйді біртіндеп зерттей бастайды. Марғауды күнделікті өмірдің қарбаласынан алысырақ тыныш бөлмеге орналастырыңыз.

Жылжымалы торды еденге қойып, есігін ашық қалдырыңыз, бұл жаңа үй жануарыңыздың өз бетінше сыртқа шығуына мүмкіндік береді. Ол жататын орнын таппас бұрын бәрін мұқият иіскелеуі мүмкін. Марғау бөлменің әр дюймін, әр бұрышын зерттегеннен кейін ғана оны қолыңызға алып, шаршаған-шаршамағанын ексеріңіз.
Марғаулар көп ұйықтағанды ұнатады, өйткені оларға көбірек демалу керек. Автокөлікпен саяхаттауға және жаңа үйді зерттеуге байланысты толқудан кейін үй жануарыңыз аздап мызғып алады, сондықтан дәл қазір марғаумен ойнамауға тырысыңыз, оның қоршаған ортаны өз бетінше зерттеуіне, содан кейін тыныш демалуына мүмкіндік беріңіз.
Егер азықтану уақыты келсе, үй жануарыңызға аздап азық ұсыныңыз, бірақ оның тәбеті болмаса, таңғалмаңыз, өйткені мысықтар толқып немесе күйзеліп тұрғанда тамақтанудан бас тартады. Сізден талап етілетін нәрсе – үй жануарыңыздың жаңа ортаға үйренуіне уақыт беріңіз және жақын арада оның тәбеті ашылатынына сенімді болыңыз.
Марғауды қалай дұрыс тамақтандыру керектігіМарғау демалып, жаңа ортаға үйренісе бастағаннан кейін оны отбасының басқа мүшелерімен таныстыратын кез келеді. Бұл шынымен де қызықты сәт, бірақ әлі де сабырлы болуға тырысыңыз және үйдегілердің бәрін сабырға шақырыңыз. Жаңа үй жануарыңызды таныстырар алдында еденге отырыңыз, отбасының басқа мүшелеріне марғау өзі келсе ғана оны ұстауға болады деген ережені сақтау керек екендігін айтып, келісіп алыңыз. Балаларды ұрсыспауға және марғауды бірінің қолынан бірі жұлып алмауын сұраңыз, әйтпесе марғау қорқып кетуі мүмкін. Егер үй жануарыңыз бұрышқа тығылып, жасырынып қалса, оны ойыншық беріп, алып шығуға тырысыңыз немесе тыныштандыру үшін жылы- жылы сөйлеңіз, бірақ тығылған жерінен күшпен шығаруға мәжбүрлемеңіз.
Мысықтың синтетикалық феромондары бар бүріккіш немесе шашыратқышты қолданған керемет болар еді, бұл марғауға өзінің қауіпсіз екенін түсінуге көмектеседі және өзін тыныш әрі жайлы сезінуге мүмкіндік береді. Егер шашыратқыштарды қолданамын деп шешсеңіз, онда бүкіл үйге бір немесе екі құты жеткілікті болады.
Синтетикалық феромондар иісі жағынан мысықтардың ағзасы бөлетін табиғи заттардан қатты өзгешеленбейді. Бұл феромондарды біздің үй жануарларымыз басқа мысықтарды жылы шыраймен қарсы алу үшін, сонымен қатар үйде таныс заттарды белгілеу үшін пайдаланады.


Марғауыңыз өзін сенімді сезінгеннен кейін бірден үйде бар ылдамдығымен жүгіріп жүреді. Сондықтан абай болыңыз және әр қадамыңызды қадағалаңыз, өйткені кішкентай үй жануары аяғыңызға оратылып жүреді!!
Көп ұзамай үй жануарыңыз күні бойы ойнай алады, бірақ сонымен бірге оған әлі де тыныш, алаңсыз ұйқы қажет болады, сондықтан марғауға кез келген уақытта демалуға болатын, ешкім мазасын алмайтын тыныш орын беріп қойыңыз. Бұл үй жануарыңыздың жаңа ортаға тез үйренуіне көмектеседі, сізге тек дәстүрлі күн тәртібін ұстану керек және бастапқыда белгіленген ережелерден, әсіресе азықтану, сипалау және үй жануарыңызбен ойнау ережелерінен алшақтамау керек.
Қосымша ақпаратты мына жерден таба аласыз.Қосымша ақпаратты мына жерден таба аласыз.