Форумда қоғамдық пікір көшбасшыларын, ғалымдарды, ветеринар дәрігерлерді, үкімет өкілдерін және зоопсихологтарды жинап, біз жануарлардың өмір сүруіне, олардың денсаулығы мен бүкіл қоғамымыздың игілігі үшін жақсы жағдай жасау туралы тәжірибемізбен және пікірімізбен бөлістік.
Форум бағдарламасына өзекті тақырыптарға арналған бірнеше панельдік пікірталастар енді, ал соңында барлық қатысушылар жануарлардың біздің өмірімізге тигізетін оң әсерін растайтын қызықты интербелсенді аймақтарға барды.
Дәрігер Claire Guest иттің қатерлі ісік ауруын ерте сатысында қалай анықтағаны, осылайша өмірін сақтап қалғаны туралы айтып берді. Оның бұл әңгімесі шабыт береді, өйткені жануарлар бізге айтарлықтай әсер етеді, бізді жақсы көреді және бізге жан-жақты көмектеседі. Осындай әсерлі әңгімелерден жиналған фильмді тамашалаңыздар.
Үй жануарлары қуанышта да, қайғыда да жанымыздан табылады. Villa Samson емханасында (Бельгия) үй жануарларымен науқастарды қалпына келтіру бағдарламасы қалай жүзеге асырылатынын қараңыз. Үй жануарларының арқасында пациенттер өздерін үйде жүргендей сезіне алады.
Емдеу терапиясындағы жануарлар St Joan de Deu (Испания) ауруханасының мамандары (Испания) жануарлардың науқастарға оң әсер ететінін біледі. Бұл фильмде жануарлар балаларды қалпына келтірудің күрделі кезеңінен қалай өтуге көмектесетіні айтылған.
Бұл тек бастамасы ғана, біз өз міндеттерімізді орындау үшін бар күшімізді саламыз. Біз бірігіп, адамдар мен жануарлар үйлесімді өмір сүретін жақсы болашақты жасаймыз.