Жалғыз марғауларға арналған азықтың таңдауы мол болып көрінуі мүмкін, оны түсіну де оңай емес. Бірақ марғауыңыздың өмір салты мен денсаулығы қандай болмасын, оған сәйкес келетін азықты оңай таба аласыз.
Марғауларға арналған азықтың құрамында үй жануарыңыздың өсуіне қажетті ақуыз мөлшері, сондай-ақ марғаудың сүйектері мен тістерін қатайтатын кальций, магний, фосфор, мырыш және темір көп.
Егер медициналық қарсы көрсетілімдер болмаса, марғауларға арналған құрғақ немесе жұмсақ азықты түпкілікті таңдау өзіңізге (және сіздің үлпілдек досыңызға) байланысты болады.
Қазір PURINA® үй жануарларына арналған азықтарды өндіру саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылады және марғауларға арналған құрғақ және жұмсақ азықтардың бірнеше атауын шығарып келеді, олардың әрқайсысы біздің өнімнің сапасы, дәмі мен қоректік құндылығы ретінде артықшылыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретін соңғы ғылыми әзірлемелердің өнімі болып табылады. Кез келген қожайын үй жануарының жасына және өмір сүру салтына қарамастан, марғауға қолайлы азық түрін таба алады!
Марғауларға арналған Purina® азығы туралы толық ақпарат алыңыз

Марғаулардың әдеттері олардың өмірінде ерекше рөл атқарады, сондықтан үй жануарыңызды мүмкіндігінше тезірек қатаң күн тәртібіне үйрету керек.
Марғауды бір уақытта тамақтандыруға тырысыңыз, ол үшін науадан мүмкіндігінше алыс орналасқан тыныш, оңаша және оқшауланған орын таңдаңыз.
Азықтандыру үшін беткі қабаты оңай тазаланатын нәрсені таңдаңыз немесе марғауларды тамақтандыруға арналған арнайы жинақты қолданыңыз. Тек таза ыдыстарды қолданыңыз, өйткені марғаулар, шын мәнінде, өте талапшыл жаратылыс иелері. Кейбіреулер таяз ыдыстарды немесе табақтарды жақсы көреді, сонымен қатар мұндай ыдыс-аяқтарды қолдану тамақтану процесін біршама баяулатуға көмектеседі, бұл өте тез жейтін белсенді және тентек марғаулар үшін өте маңызды.
Егер үйіңізде бірнеше марғау болса, олардың ыдыстарының бөлек екеніне және бір-бірінің жанында тұрмайтынына көз жеткізіңіз, бұл үй жануарлары арасындағы қақтығыстардың алдын алуға көмектеседі. Егер марғаулар бір-бірімен мүлдем тіл табыса алмаса, оларды үйдің әр жерінде тамақтандыруға тура келеді.
Үй жануарыңызға бөлме температурасындағы сулы азық беруге тырысыңыз, сонда оның иісі жағымды болады және оңай қорытылады. Мұндай жағдайда марғауды тамақтандырудан шамамен бір сағат бұрын тоңазытқыштан азықты алып қойған жөн немесе оны қысқатолқынды пешке қыздыру керек, тек оның тым ысып кетуіне жол бермеңіз!

Марғаулар өте тез өсуі мүмкін, олардың тәбеті керемет болып көрінуі мүмкін, десе де олардың көздері кішкентай асқазандарынан да үлкен екен! Үй жануарыңызға қанша азық қажет екенін анықтауға көмектесетін бірнеше кеңестерге құлақ түріңіз.

Күніне бірнеше рет азықтың толыққанды үлесімдерін қолдануды көздейтін рационға қосымша ешқандай қоспалар қажет емес, өйткені үй жануарыңыз барлық қажетті қоректік заттар мен микроэлементтерді алады. Сонымен қатар, азықтың кейбір түрлерінде (мысалы, тәтті азықтар, тіскебасарлар және толықтай балық етінен немесе еттен жасалған азықтар) мысықтың организмі үшін өмірлік маңызы бар барлық қоректік заттар жоқ. Сондықтан марғауыңызды осындай азықпен тамақтандырсаңыз, үй жануарыңыз оның дамуы үшін қажетті барлық микроэлементтерді алатынына көз жеткізіңіз.
Тәтті азықтар беру марғаумен қарым-қатынас орнатудың тамаша тәсілі болса да, абай болуыңыз керек және үй жануарыңыздың өсу кезеңінде мұндай тағамды аса көп бермеу керектігін естен шығармаңыз.
Бірақ марғауды дастарқандағы тамақпен тамақтандыру – бұл қате әрекет. Адамдарға арналған тағам жоғары калориялы, бірақ оның құрамында сіздің үй жануарыңызға қажет қоректік заттар жеткіліксіз. Сонымен қатар, тағамның кейбір түрлері тіпті, марғаудың асқазанын ауыртып, зиян келтіруі мүмкін.
Мысықтарға арналған көптеген тәтті азықтар кішкентай марғаулардың тұтынуына арналмаған және құрамында тым көп калория болуы мүмкін. Тағы бір проблема бар – десерттердің үлкен кесектері кішкентай үй жануарларында демікпенің пайда болуына, тіпті, тұншығуға әкеп соғуы мүмкін.
Ең дұрысы, марғау аздап өскенше оған тәтті азықтар бермей, күте тұру керек. Алайда, бірнеше айдан кейін де, марғаулар үшін арнайы дайындалған десерттерді мұқият таңдау керек. Сонымен қатар азық теңгерімін сақтаған маңызды: сонымен үй жануарыңыз өскен кезде тәтті азықтар мен тіскебасардың калория мөлшері оның ағзасының күнделікті қажеттілігінің 10-15% - ынан аспауы керек. Артық тамақтануға жол бермес үшін үй жануарының негізгі рационының көлемі мен калориясын азайтуды ұмытпаңыз, бұл марғаудың қабылдайтын калория мөлшеріне тең болуы керек.

Марғауыңыз нағыз талғампаз болып өсіп келе ме? Салған азығыңыздан бас тарта ма? Сөзіме сеніңіз, сіз жалғыз емессіз, бұл өте жиі кездесетін мәселе! Көптеген марғаулардың азықтың дәміне, сыртқы түріне және иісіне қатысты өзіндік қалаулары мен әдеттері бар, егер үй жануарыңызға дәстүрлі азықтан өзгеше басқа нәрсе ұсынылса, мұндай жаңа азық марғауыңызды тез кекіртуі мүмкін. Тамақтанғаннан кейін кенеттен құсу немесе кекіру, сондай-ақ азықтанудан толық бас тарту күрделі денсаулық проблемаларының белгілері болуы мүмкін, сондықтан мұндай жағдайда мүмкіндігінше тезірек ветеринар дәрігермен кеңескен жөн. Сонымен қатар бұл мәселені өзіңіз шешу үшін келесі пайдалы кеңестерді қолдануға болады.

Марғауды жеткілікті су мөлшерімен қамтамасыз ету – қолайлы азық таңдау сияқты маңызды міндет. Бұл әсіресе, үй жануарыңызды құрғақ азықпен тамақтандырған жағдайда дұрыс.

Марғаудың асқорыту жүйесі өте сезімтал болуы мүмкін, сондықтан оның асқазанына зиян тигізбеу үшін рационды тек төтенше жағдайларда ғана өзгерту керек. Үй жануарыңыз көңілді және дені сау болып жүруі үшін марғауды бұрынғы қожайыны немесе мысықтар панажайында жеген рационмен тамақтандырыңыз, әрине, бұл азық теңдестірілген және құрамында жеткілікті мөлшерде қоректік заттар болуы керек. Егер марғауыңыз ауырып қалса, кенеттен тәбеті жоғалса немесе әдеттегіден азырақ азық жей бастаса, дереу ветеринар дәрігермен кеңесуіңіз керек.
Егер ветеринар дәрігер марғаудың рационын өзгертуге кеңес берсе, жануардың асқорыту жүйесіне зиян тигізбеу үшін мұны біртіндеп жасау керек екенін ұмытпаңыз. Төменде сізге көмектесетін бірнеше кеңестер берілген.
Егер марғауды жұмсақ азықтан құрғақ азыққа ауыстырсаңыз, үй жануарыңыз тамақты белсенді шайнауға мәжбүр болатындығын ұмытпаңыз, яғни оған көбірек су қажет болады. Марғауды азықты бір уақытта емес, бірнеше рет бөліп жеуі мүмкін. Құрғақ азық жұмсақ азыққа қарағанда көбірек қуат береді, сондықтан сулы азыққа ауысқан кезде марғау тұтынған бұрынғы калория мөлшерін сақтау үшін үлесім мөлшерін көбейту қажет болуы мүмкін. Мынаны естен шығармаңыз: үй жануарыңыздың жасына қарамастан, оның ыдысында әрдайым жаңа құйылған және таза ауызсу жеткілікті мөлшерде болуы керек.

6-8 айында марғаулар ересек болып көрінуі мүмкін, бірақ олардың іш құрылысы әлі де марғаулардікі сияқты болып қала береді. Олардың сүйектері әлі де күшейтіліп, салмақ қосуын жалғастыруда. Оларды марғауларға арналған арнайы қоректік азықпен шамамен 12 айға дейін тамақтандырыңыз, он екі айдан кейін үй жануарлары ересектердің азығына еш қиындықсыз ауыса алады.

Қазір PURINA® Ресей нарығындағы көшбасшылардың бірі болып табылады және марғауларға арналған құрғақ және жұмсақ азықтың бірнеше түрін шығарады, олардың әрқайсысы біздің өнімдеріміздің сапасы, дәмі мен тағамдық құндылығы жағынан артықшылыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретін соңғы ғылыми әзірлемелердің нәтижесі болып табылады. Кез келген қожайын үй жануарының жасына және өмір салтына қарамастан, марғауына қолайлы азық түрін таба алады!
Узнайте больше о корме для котят PURINA®